RU

Петропавлда үйінен жеңіл киініп шығып кеткен қарияның мәйіті табылды

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Петропавлда ауыр неврологиялық ауытқудан зардап шеккен ер адам үйінен шығып кетіп, қатып қалған. Оның денесі жоғалғаннан бір күн өткен соң табылды.

Жақында әлеуметтік желілерде 20-21 қаңтарға қараған түні үйден шығып, белгісіз бағытқа кеткен 73 жастағы ер адамның жоғалғаны туралы ақпарат тараған деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жоғалған қарттың дезориентирован екені, есте сақтаудан қиналатыны айтылды. Үйден ол жеңіл күртешемен және галошпен кетіп қалған.

Бір күн бұрын еріктілер ер адамның денесін тапты. Өңір полициясы мәйіттің табылғаны туралы ақпаратты растап отыр.

"Петропавлда 1947 жылы туған ер адамның денесі табылды. Бүгін таңертең "102" пультінде қала тұрғындары Комаров көшесіндегі үйлердің бірінен оның денесі табылғанын хабарлады. Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Басылым мәліметінше, ер адам жоғалып кеткен түні қаладағы ауа температурасы минус 21-25 градусқа дейін жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895066-petropavlda-jinen-zeil-kiinip-sygyp-ketken-karia-sip-ldi/