Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ет бағасы неліктен қымбаттады

Опубликовано:

Ет1
Көрнекі фото: piqsels.com

2020 жылы Қазақстанда еттің барлық дерлік түрлері қымбаттады. Мұның немен байланысты екендігі және елде қанша ет қоры бар екені туралы Нұрфин мақаласын оқыңыз.

Ет – Қазақстандағы тамақ өнімдерінің маңызды түрлерінің бірі. Алайда, бағаның көтерілуіне байланысты тұрғындарда біраз қиындық туындады. Осылайша, еттердің барлық дерлік түрлерінің бір килограммының құны 2020 жылдың соңында 2019 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 8%-ға өскен. Яғни, бағаның өсуі жылдық инфляция көлемінен асып түсті, өткен жылдағы бұл көрсеткіш 7,5%-ды құрайды.

Нәтижесінде, 2020 жылдың желтоқсанында Қазақстандағы ет түрлерінің орташа құны:

  • қой еті – килограмы 1 990 теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,2%-ға қымбат,
  • жылқы еті – орташа баға өткен айда 2 272 теңгені құрады және баға өсімі – 11,9%,
  • сиыр еті – орташа есеппен килограмы 1 947 теңге, ал бағаның орташа жылдық өсімі тура 8%-ға жетті.

Алайда, елдегі ет қорына қатысты жағдай тұрақты. Өткен жылдың аяғында ет өндіру көлемі тұтыну деңгейіне жетті. Яғни, нарықта ет өнімдеріне сұраныс пен ұсыныстың көптен күткен тепе-теңдігі бар, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Ақпараттық кесте
Ақпараттық кесте. Фото: energyprom.kz

Қазақстандағы ет қоры

Қазақстанда 2020 жылы барлығы 931,4 мың тонна ет өндірілді. Яғни, Қазақстан халқы өз өндірісінің арқасында қажетті резервтермен қамтамасыз етілді:

  • қой еті – 172,3 мың тонна өндірілген, нарықтың 100%-ы қамтылған,
  • сиыр еті – 521,3 мың тонна, нарықтың 97%-ы қамтылған,
  • жылқы еті – 143 мың тонна өндірілді, бұл нарықтың 98%-ын қамтиды.

Еліміздің ауылшаруашылық саласында мал басы үнемі өсіп келеді. Бұған елден тірі ірі қара малын шығаруға тыйым салу және мал шаруашылығын қолдау шаралары ықпал етеді. Яғни, Қазақстанның ішкі нарығында ет тапшылығы күтілмейді.

Баға неліктен өсіп жатыр

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, ет бағасының өсуін өндіріс пен малдың жетіспеуімен байланыстыруға болмайды.

Нарыққа қатысушылар барлық өнімнің, оның ішінде еттің өзіндік құнына айтарлықтай әсер етеді.

Кәсіпкерлер тауарлардың бағаларын тасымалдау, сақтау, өндіру шығындарын ескере отырып, дербес қалыптастырады. Олар сонымен қатар нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа назар аударады.

Сондай-ақ көрші елдердегі және халықаралық нарықтардағы бағаның өзгеруін ескеру керек. Бұл да өнімнің құнына белгілі бір әсер етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1895079-kazakstanda-et-nelikten-kymbattady/

pixel