Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қауіпті індет: Қазақстанның қай қалалары "қызыл" аймақта тұр

Опубликовано:

Алматы
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстанның жеті облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

22 қаңтардағы жағдай бойынша "қызыл" аймаққа Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы және Солтүстік Қазақстан облысы тұр.

"Сары" аймақта – Алматы қаласы, Қарағанды облысы және Алматы облысы орналасқан.

Қалған өңірлер "жасыл" аймаққа.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус дертін жұқтырудың 1430 жағдайы анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 173842-ке жетті.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеуге қатысқан ерікті KAZ.NUR.KZ порталына сұхбат берген еді. Алматы тұрғыны осыдан төрт ай бұрын алғаш рет коронавирустан екпе салдыртқан. Ерікті азамат денсаулығы туралы, қанша сыйақы алғанын және не үшін мұндай қадамға барғанын ашық айтып берген.

Одан бөлек, жапондық ғалымдар сілекейдің құрамындағы коронавирустың белсенділігін қалай төмендетуге болатынын анықтады. Ол үшін асықпай, бір жұтым шай ішу жеткілікті екен. Зерттеушілер қарапайым қара шайдың коронавируспен күресте қалайша көмектесетінін көпшілікке жан-жақты түсіндіріп берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895142-kauipti-indet-kazakstanny-kaj-kalalary-kyzyl-ajmakta-tr/

pixel