RU

Елімізде қайтадан -40 градусқа дейін күн суытуы ықтимал

Тұман
Фото: pexels.com

Алдағы күндері Қазақстанда ауа температурасы қайтадан -40 градусқа дейін төмендеуі мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктер 23-25 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Мамандардың мәліметіне сүйенсек, Салехард аудандарынан келген суық антициклон Қазастанның ауа райына әсер етеді.

Соған сәйкес, елімізде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының төмендеуі күтілуде.

"Оңтүстік аймақтарда -10...-20℃ дейін, солтүстік аймақтарда -32...-40℃ дейін. Еліміздің кей жерлерінде тұман және желдің күшеюі күтіледі", - дейді синоптиктер.

Еске сала кетсек, бұған дейін 22 қаңтарда Қазақстанның барлық дерлік өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланғанын жазған едік.

Шымкент қаласында 22 қаңтар күні таңертең және күндіз қалың қар жауады деп күтіледі. Ауа температурасы күндіз 3-5 градус аязға дейін төмендеуі ықтимал.

Қызылорда облысында түнде 15-20 градус аяз болып, күндіз 3-8, кей жерлерде 11 градусқа дейін температураның күрт төмендеуі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Орал қаласында 22 қаңтар күні түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады деп күтілуде.

22-23 қаңтарда Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/1895163-elimizde-kajtadan--40-graduska-dejin-kn-suytuy-yktimal/