Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

4 санитарлық пост орнатылады: ШҚО-да шектеу шаралары ұзартылды

Опубликовано:

шектеу шаралары
Көрнекі фото: spuntiknews.kz

Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеуі 7 ақпанға дейін ұзартылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқарушының жаңа қаулысы жарияланды. Онда өңірдегі карантин шектеулері 7 ақпанға дейін қайта созылатындығы көрсетілген.

Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

«Облыстың сыртқы шекараларына кіріп-шығуды бақылау үшін Павлодар облысы аумағына 2 санитарлық пост, ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдары «Ауыл», «Үбі», «Бақты», «Майқапшағай» тұстарына 4 санитартық пост орнатылады.

Оның жұмысын Курчатов қаласының, Бесқарағай, Үржар, Бородулиха, Шемонаиха, Зайсан аудандарының әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, ШҚО мемлекеттік кірістер департаменті, ШҚО полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары қамтамасыз етуі тиіс», - делінген қаулыда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895246-4-sanitartyk-post-ornatylady-sko-da-sekteu-saralary-zartyldy/

pixel