Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Британиялық штамм әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін

Опубликовано:

Дәрігерлер
Көрнекі фото: Getty Images

Коронавирустың британиялық штамы әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін. Бұл туралы Британия премьер-министрі Борис Джонсон жұма күні болған брифингте айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Британия премьерінің сөзінше, осы елде жыл басында пайда болған коронавирус түрі жылдам тарайды және ол өте қауіпті болуы мүмкін.

"Бүгін бізге Лондон мен Британияның оңтүстік шығысында пайда болған вирустың тез тараумен қатар оның салдарынан адамдардың да жиі қайтыс болуы мүмкін екендігі хабарланды", - деді Джонсон.

Ол осыған дейін дайындалған вакциналардың коронавирустың екі түрі үшін де тиімді екенін айтты. Әзірге Англияда вирустың тарау қарқыны біршама тыйылды. Ал, Солтүстік Ирландияда керісінше, вирустың жаңа штамына байланысты ауру өршіп кеткен.

Шотландия мен Уэльсте коронавирустың жаңа штамын жұқтырғандар көбейіп келеді. Англияда вирус жұқтырғандардың көпшілігін коронавирустың кәдімгі түрімен науқастанғандар құрап отыр. Жаңа штамм көп тарап жатқан Солтүстік Ирландияда керісінше COVID-19-дан қайтыс болып жатқандар жиі кездеседі.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеуі 7 ақпанға дейін ұзартылды. ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқарушының жаңа қаулысы жарияланды. Онда өңірдегі карантин шектеулері 7 ақпанға дейін қайта созылатындығы көрсетілген. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895262-koronavirus-britanialyk-stamm-ldekajda-kauipti-boluy-mmkin/

pixel