Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы – Өскемен тасжолы жабылды

Опубликовано:

Қыс
Көрнекі фото: altaynews.kz

Қарлы боранға байланысты өңірлік және республикалық маңыздағы жолдар жабылды деп хабарлайды Altaynews.kz.

Нақтырақ айтқанда, Алматы – Өскемен автомагистралі және Алматы облысы шекарасынан Таскескен бұрылысына дейін көлік қозғалысына тыйым салынды.

«Қазавтожол» ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша 22.01 сағ. 16:50-ден ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) облыстың республикалық маңызды а/ж учаскісінде 615-683 шақырымындағы «Алматы – Өскемен» жолы автокөліктердің барлық түрлері үшін жабылады», - деп хабарлайды ШҚО ТЖД департаменті.

Облыстық төтенше жағдай департаментінің мамандары тұрғындарды осы бағытқа жолға шықпау керектігін ескертеді.

Айта кетейік, 23 қаңтар күні республикасының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, қар жауады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қар қатты жауатыны күтіледі. Жекелеген өңірлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, екпінді жел сақталады. Шығыста, оңтүстік және оңтүстік-шығыста желдің күші 30 м/с және одан жоғары көтерілуі мүмкін.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыста 30 м/с және одан жоғары болуы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болжанады. Желдің жылдамдығы 23-28 м/с, күндіз таулы аудандарда 30 м/с және одан аса болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с күшпен жел соғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895265-almaty---skemen-taszoly-zabyldy/

pixel