RU

Елге шетелден келген екі қазақстандықтан коронавирус анықталды

Әуежай
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

2021 жылдың 22 қаңтарында Қазақстанға 9 мемлекеттен 18 әуе рейсі келген деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram арнасы.

22 қаңтарда Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Ресей, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан рейстер келген.

Қазақстанға келген 1 944 жолаушының 1604-де ПТР анықтама болған. Қалған 340 азамат анықтамасыз келген.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 688 жолаушы, анықтамамен - 596; анықтамасыз - 72;
  • Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 084 жолаушы, анықтамамен - 865, анықтамасыз - 219;
  • Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 46 жолаушы анықтамамен келді;
  • Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 146 жолаушы, анықтамамен - 97, анықтамасыз - 49.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Сонымен бірге, 2021 жылдың 21 қаңтарында анықтамасыз келген 417 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Оның ішінде бір жолаушы Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен, екінші жолаушы Шарм-эль-Шейх – Алматы рейсімен келген.

Еске сала кетсек, Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері кафеге, мейрамхана мен жолаушылар тасымалы жұмысына өзгеріс енгізіп, қаулыға түзетулерге қол қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895293-elge-setelden-kelgen-eki-kazakstandyktan-koronavirus-anyktaldy/