Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында ауа райының нашарлауына байланысты жолдар жабылды

Опубликовано:

Тас жол
Фото: Түркістан облысы Полиция департаменті

Түркістан облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық, облыстық маңызы бар бірнеше тас жол жабылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, ауа райының қолайсыздығына байланысты Ордабасы ауданы аумағындағы Түркістан-Шымкент тас жолының айналма жолы жабылған.

23 қаңтар сағат 12:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, қар, көрінудің шектелуі) 593 учаскедегі қозғалыс шектелген.

Автокөліктің барлық түрлері үшін А-2 "Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент" республикалық маңызы бар тас жолдың 654 шақырымы жабылған.

Сонымен бірге облыстық маңызы бар ШҚ-56 "Жамбыл-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай" тас жолының 44-124 шақырымы барлық автокөлік түрлері үшін жабылды.

Тас жол
Фото: Түркістан облысы Полиция департаменті

Одан бөлек, Созақ ауданында облыстық маңызы бар ШҚ-2 "Ұланбел-Созақ-Екпінді" тас жолының 576-623 шақырымындағы қозғалыс тоқтады.

Бәйдібек ауданында (ШҚ - 1, Қошқарата-Жарықбас-Бірлік) облыстық маңызы бар жолдарда қозғалыс уақытша тоқтатылды және Ордабасы ауданы Шұбар ауданындағы М-32, Самара-Шымкент тас жолдарында қозғалыс шектелді.

Түркістан облысының тәртіп сақшылары азаматтарға алыс жолға шықпауға кеңес берді. Ал сапарға шыққан жағдайда жол ережелерін бұзбай, жылдамдықты асырмай, арақашықтықты сақтау керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895296-trkistan-oblysynda-aua-rajyny-nasarlauyna-bajlanysty-zoldar-zabyldy/

pixel