Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде бұрынғы әйеліне маза бермеген ер адам қоғамдық орындарда қар тазалап жүр

Опубликовано:

қар
Көрнекі фото: pixabay.com

Өскемен тұрғыны бұрынғы әйеліне маза бермегені үшін 300 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылды деп хабарлайды ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Ер адам түннің бір ортасында мас күйінде бұрынғы әйелінің үйіне барған. Әйел анасы және сіңлілерімен бірге тұрады екен. Қала тұрғыны бұрынғы зайыбымен сөйлескісі келіпті, алайды ол бас тартып, тіпті көшеге де шықпаған.

Ашуланған ер адам терезені сындырып, үйге кірген. Әйел полицияға телефон шалды. Осылайша ер адам үйге заңсыз кіргені үшін 300 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Қазір ол қоғамдық орындарда қоқыс пен қар тазалап жүр.

"Күн сайын төрт сағаттан қоқыс жинайды. Сотталушының жүріс-тұрысы мен жұмысты орындауы біздің үнемі бақылауымызда", - деді ШҚО бойынша ҚАЖД Сол жағалау ауданы пробация қызметінің қызметкері, әділет майоры Серік Бекбұлданов.

Сотталған ер адам қоқыс тазалап жүріп нені түсінгенін айтты.

"Қоқыс жинаған кезде, бір кездері өзімнің қоқысты урнаға емес, жерге лақтыра салатыным есіме түседі. Бос бөтелкелерді арақ ішкен жерде қалдырып кететін едім. Ал енді қоғамдық жұмыстарда жүріп, тазалықты сақтау қажет екенін түсіндім", - дейді ол.

Департамент қоғамдық жұмыстардан жалтарған адамдар қамауға алынуы мүмкін екенін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895300-skemende-bryngy-jeline-maza-bermegen-er-adam-kogamdyk-oryndarda-kar-tazalap-zr/

pixel