Елімізде өткен бір тәулікте коронавирус жұқтырған 1584 адам тіркелді
Опубликовано:

Елімізде өткен тәулікте 1584 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі Ақмола облысында тіркелген деп хабарлайды Coronavirus2020.kz telegram арнасы.
Қазақстанда өткен тәулікте 1584 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 229
Алматы қаласы - 131
Шымкент қаласы - 8
Ақмола облысы - 237
Ақтөбе облысы - 10
Алматы облысы - 92
Атырау облысы - 96
Шығыс Қазақстан облысы - 42
Жамбыл облысы - 20
Батыс Қазақстан облысы - 84
Қарағанды облысы - 82
Қостанай облысы - 177
Қызылорда облысы - 16
Маңғыстау облысы - 11
Павлодар облысы - 220
Солтүстік Қазақстан облысы - 113
Түркістан облысы - 16
Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандардың саны 176 974-ке жетті.
Еске сала кетсек, COVID-19 бойынша "қызыл аймаққа" кірген Павлодар облысында карантин қатаңдатылған болатын. Бас санитарлық дәрігері кафеге, мейрамхана мен жолаушылар тасымалы жұмысына өзгеріс енгізіп, қаулыға түзетулерге қол қойған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895316-elimizde-tken-bir-tulikte-1584-adam-koronavirus-zktyrgan/