Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан COVID-19 таралу қарқыны бойынша "қызыл аймаққа" кірді

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күрт өсті. Соңғы тәулікте еліміз "қызыл аймаққа" өткен деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram арнасы.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалайтын жаңарға матрицаға сүйенсек, қазір Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл аймақта" тұр.

Алматы қаласы, Қарағанды және Алматы облыстары "сары аймақта". Басқа өңірлер "жасыл аймақта".

Соңғы тәулікте Қазақстан Республикасы "сары аймақтан" "қызыл аймаққа" өткен.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте елімізде 1584 адамнан коронавирус анықталған еді. Ел бойынша ауру жұқытрғандардығ жалпы саны 176 974-ке жетті.

Айта кетсек, COVID-19 бойынша "қызыл аймаққа" кірген Павлодар облысында карантин қатаңдатылған болатын. Бас санитарлық дәрігері кафеге, мейрамхана мен жолаушылар тасымалы жұмысына өзгеріс енгізіп, қаулыға түзетулерге қол қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895333-kazakstan-covid-19-taralu-karkyny-bojynsa-kyzyl-ajmakka-kirdi/

pixel