Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты облыстық жолдар жабылды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты облыстық маңызы бар "Алматы - Өскемен - Қапал-Арасан шипажайы" екі жол учаскесі жабылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабаралуынша, сағат 9.30-дан бастап облыстық маңызы бар "Алматы - Өскемен - Қапал-Арасан шипажайы" екі жол учаскесі 0 шақырымынан бастап 45 шақырымына дейін және Көктебе ауылына дейін көліктің барлық түрлері үшін жабылған.

Төтеншеліктер жүргізушілерден аталған бағыттарға қарай сапарламауды, сондай-ақ 112 қызметінен келген ауа райы туралы хабарламаларға мән беруді сұрайды.

"Алыс жолға шықпас бұрын ауа райымен танысып, сізге экстремалды жағдайларда көмегі тиетін керекті заттың бәрін алуды сұраймыз", - дейді ведомство.

Еске сала кетсек, синоптиктер 24 қаңтарда Қазақстанның сегіз өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жариялады.

24 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Түнде 24-25 қаңтарда Павлодар облысында 35-40, 25 қаңтарда кей жерлерде 43 градус қатты аяз болуы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Түркістан облысында кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Шымкент қаласында 24 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын, шығыстан, оңтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895334-almaty-oblysynda-aua-rajyny-nasarlauyna-bajlanysty-oblystyk-zoldar-zabyldy/

pixel