Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елдің бірнеше өңірінде тасжолдар ашылды

Опубликовано:

Тас жол
Көрнекі фото: Хабар 24

Республикалық маңыздағы бірнеше жолда көлік қозғалысы жанданды деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram парақшасында жарияланды.

Ақмола облысында сағат 12:00-де Нұр-Сұлтан – Петропавл тасжолының 18-231 шақырымындағы елорда мен Щучинск арылығында қозғалыс ашылды.

Жамбыл облысында Алматы – Ташкент – Термез тасжолының 536-593 шақырымындағы Айша бибі А учаскесі мен Түркістан облысының шекарасы аралығында көлік қозғалысы жанданды.

Тараз – Шымкент жолында шектеулер алынып тасталды, қозғалыс автокөліктің барлық түрі үшін қалпына келтірілді.

Түркістан облысында Алматы – Ташкент – Термез жолының 593-654 шақырымындағы жол ашылды.

Қызылорда облысы аумағындағы Самара – Шымкент тасжолының 1912-2057 шақырымындағы Бәйгеқұм мен Түркістан облысы шекарасы, Түркістан облысы аумағындағы 2057-2175 шақырымы арасындағы көлік қозғалысы қалпына келтірілді.

Айта кетейік, бүгін түнде белгілі қазақстандық шаңғышы Николай Чеботько жол апатынан қаза тапты.

Ақмола облыстық ПД ақпарынша, бүгін түнгі сағат екі шамасында полицияға Көкшетау-Бурабай тас жолында көліктің ағашқа соғылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасы Бурабай ауылы маңындағы тас жолдың 8 -шақырымында болғанын анықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895346-eldi-birnese-irinde-taszoldar-asyldy/

pixel