Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде өткен тәулікте 1480 адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Алматы тұрғындар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Өткен тәулікте елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 1480 адам тіркелді деп хабарлайды coronavirus2020.kz/kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 211

Алматы қаласы - 135

Шымкент қаласы - 9

Ақмола облысы - 219

Ақтөбе облысы - 9

Алматы облысы - 79

Атырау облысы - 101

Шығыс Қазақстан облысы - 31

Жамбыл облысы - 18

Батыс Қазақстан облысы - 89

Қарағанды облысы - 82

Қостанай облысы - 137

Қызылорда облысы - 9

Маңғыстау облысы - 11

Павлодар облысы - 217

Солтүстік Қазақстан облысы - 107

Түркістан облысы - 16

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 178 454.

Айта кетейік, өткен тәулікте ауру жұқтырғандар ең көп тіркелген өңірдің бірі - Павлодар облысында карантин шаралары күшейтілгенін бұған дейін хабарлаған едік.

Енді аймақта қалааралық, облысаралық және өңір ішіндегі автобус тасымалына тыйым салынады. Тек Ақсу-Павлодар бағытындағы қозғалысқа рұқсат етілген.

Сонымен бірге кафелер мен мейрамханалар жұмысына да шектеу қойылды. Демалыс күндері аталған мекемелер клиент қабылдай алмайды. Тамақты жеткізіп беру қызметіне ғана рұқсат. Бұл шектеу шарасы сауда орталықтарындағы тамақтану орындарына да қатысты болмақ.

Жалпы өңір COVID-19-дың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл аймаққа" кірген.

Еске сала кетсек, Түркістан облысында да карантин мен шектеу шаралары ұзартылды. Демалыс күндері жабық базар сынды кей нысандар жұмыс істемейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895377-elimizde-tken-tulikte-1480-adamnan-koronavirus-anyktaldy/

pixel