Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Басына мұз құлаған 11 жастағы бала көз жұмды

Опубликовано:

Мұз
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ресейдің Саратов қаласында 11 жастағы баланың басына мұз түсіп, салдарынан ол көз жұмды деп жазады Взгляд-Инфо басылымы.

Бұл туралы Саратов облысындағы балалар құқықтары жөніндегі омбудсмен Татьяна Загородняя хабарлады.

Заводской ауданында 11 жастағы баланың өліміне балконнан немесе сымдардан мұздың құлауы себеп болған.

Қайғылы жағдай 23 қаңтар күні орын алған. Күндіз Азин көшесінің бойындағы № 33А үйінің маңында екі бала серуендеп жүрген.

Кенет балалардың біріне жоғарыдан мұз құлап түскен. Ауыр жарақат алған жеткіншек көз жұмған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Оған балкондардың бірінен немесе сымдардан мұз құлап түсті. Біз оқиға орнына бардық. Төбе тазартылды. Балконда мұз салбырап тұрған. Маған балкондарды мұздан тазарту пәтер иелеренің міндетіне кіретінін айтты. Тазартуды талап етуі керек еді", - деп жазды Загородняя Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, отбасы есепте тұрмаған. Ұлынан айырылған ерлі-зайыптылардың ауылда әжесімен бірге тұрып жатқан тағы бір қызы бар.

"Балаларыңызбен сөйлесіңіздер! Үйлерді жағалай жүру қауіпті екенін ескертіңіздер. Қазір ауа райы күрт өзгерді, мұз қаптап тұр. Мен әкімшіліктерден тағы бір рет барлық басқарушы компанияларға шатырлар мен балкондарды мұздан тазарту туралы тапсырма беруді сұраймын", - дейді Татьяна Загородняя.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1895382-basyna-mz-klagan-11-zastagy-bala-kajtys-boldy/

pixel