Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда мейрамханалар мен дәмханалардың жұмыс уақыты қысқарды

Опубликовано:

кафе1
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда мейрамханалар мен дәмханалардың жұмыс уақыты қысқарды, деп хабарлайды Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы-бас санитар дәрігердің қаулысына сай қоғамдық тамақтану нысандары сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болды.

Бұрын мейрамханалар, дәмханалар кешкі сағат 22:00-ге дейін жұмыс істеген еді.

Ұжымдық іс-шараларды өткізуге тыйым салу күшінде қалды. Орындықтар арасындағы қашықтық кемінде 2 метр болса, отыратын орындар саны 30-дан аспауы тиіс. Бір үстелге отыратын адамдар саны 4 адамнан аспауы керек.

Ал азық-түлік дүкендерінің жұмыс істеу уақыты сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін сақталады. Алайда, азық-түлікті сату, көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тек оралған түрде жүргізілуі тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында карантин мен шектеу шаралары ұзартылғаны хабарланған еді.

Өңірдің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышановтың қаулысына сәйкес, алып кету және жеткізіп беру режимінде жұмыс істейтін нысандардан басқа, қоғамдық тамақтану объектілеріне демалыс күндері мен мереке күндері жұмыс істеуге рұқсат жоқ.

Ал дүйсенбі-жұма күндері санитариялық-дезинфекциялық режимді, 2 метр әлеуметтік қашықтық сақтай отырып сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін қызмет көрсете алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895388-atyrauda-mejramhanalar-men-dmhanalardy-zmys-uakyty-kyskardy/

pixel