Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жасаған жақсылығын желіде жария ету қаншалықты дұрыс

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Кейінгі уақытта қоғамда "жақсылық жасап жарысайық" деген ұранмен іске асып жатқан игі шаралар көбейген. Бірі шын ниетпен қайырымдылық жасаса, екіншілері осындай акцияларды желеу етіп, жақсы атқа ие болғысы келеді. Осы ретте біреуге қол ұшыңды созсаң, оны жалпақ жұртқа жариялау дұрыс па әлде бұрыс па? Бұған мамандар не дейді? Еуразия бірінші арнасының материалынан оқыңыз.

Қоғам белсендісі Айша Құрманғали жасаған жақсылығын әлеуметтік желіде жария ететіндердің әрекетін құпамайтынын айтады.

"Оң қолың істегенді сол қолың білмей қалсын дейді ғой. Өзің де ұмытып кетуің керек те жасаған жақсылығыңды. Өйткені сен оны Алла разылығы үшін жасап отырсың. Өкінішке орай кейінгі кезде жақсылығын жарнамалайтындар көбейіп кетті. Ол айналып келгенде жақсылық жасау ниетінен емес, адамдарды қуанту ниетінен емес, керісінше өзінің статусын, өзінің жағдайын жарнамалау", - дейді ол.

Ал игі істі жариялау туралы қазақстандықтардың не ойлайтынын басылым тілшісі анықтап көрді.

"Біреулерге көрсетіп басқаларға үлгі болуы үшін істеуге де болады. Жасырын істеуге де болады. Екеуі де рұқсат. Әркімнің амалы ниетіне қарай жазылады", "Жақсылық істеп, оны камераға түсіріп, күштілеп тұрып монтаж жасап олай көрсеткен ыңғайсыз сияқты. Өзінің беріп жатқан көмегін".

"Жақсылық жасасаң оны айғайлап айтпа дейді ғой. Бұл ішіңде болуы керек. Жақсылық жасадың ба? Үндемей-ақ қой. Оның жақсылығын біреу болмаса біреу айтады", "Адамның тазалығы ішкі дүниесінде ғой. Сондықтан әр адамның өз еркісі. Басындағы миында, ойының санасында деген сияқты" дейді ел тұрғындары.   

Ал діни басқарма өкілі мұндай жағдайларда жария жасаудың еш әбестігі жоқ екенін жеткізді.

"Жобаға басқаларды тарту үшін бұл жерде сол беріп жатқан садақасын жария етеді және оны кімге беріп жатыр, шынымен мұқтаж адамға барып тиді ме? Міне, осы мақсатта  егер жасалатын болса оны шариғат құптайды. Тіпті, оны абзал деп біледі", - дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895406-zasagan-zaksylygyn-zelide-zaria-etu-kansalykty-drys/

pixel