Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда жолдың қарсы бетіне шығып кеткен такси жүргізушісі видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Такси
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтанда жолдың қарсы бетіне шығып кеткен такси жүргізушісі ұсталды деп хабарлайды қалалық полиция департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында.

Аталмыш жайт Тұран даңғылында болған. Кептеліс уақытында жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін бұзу сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Видеодан такси жүргізушісі өзге көліктерді айналып өту үшін жолдың қарсы бетіне шығып кеткені байқалады. Патрульдік полиция жол ережесін бұзған Kia Rio жүргізушісін ұстады.

Оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 596-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа жіберілді.

Әкімшілік заңға сәйкес, мұндай заң бұзушылықтар үшін жүргізушілерге 6 айға дейін жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылған.

Еске салсақ, бұған дейін Атырау-Доссор тас жолының бойындағы жол апатынан бір әйел қаза тапқанын жазған болатынбыз. Қайғылы оқиға 22 қаңтар күні күндіз болған.

Одан бөлек, 23 қаңтар күні Атырау облысында жол апатынан ер адам мен кішкентай бала көз жұмғанын жазған едік. Бір жолаушы ауыр жарақат алған. Ақ Жайық басылымының дерегінше, 18 жастағы жігіт облыстық ауруханаға жеткізілген.

Ал 24 қаңтарда белгілі қазақстандық шаңғышы Николай Чеботько балық аулаудан қайтып келе жатып, жол апатына түскені белгілі болды.

Спортшыны құтқару мүмкін болмады. Көліктегі жолаушы болса, ауруханаға жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895435-nr-sltanda-zoldy-karsy-betine-sygyp-ketken-taksi-zrgizusisi-videoga-tsip-kaldy/

pixel