Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстан облысында блок-бекеттер жұмысын бастады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Бүгіннен бастап Шығыс Қазақстан облысының аумағында санитарлық блок-бекеттер жұмыс істей бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құжатта Шығыс Қазақстан облысының аумағында шектеу шаралары 25 қаңтардан 7 ақпанға дейін ұзартылатыны айтылған.

Қаулыда өңірде санитарлық блок-бекеттердің қайта қойылтыны да жазылған.

Олардың екеуі өңірдің сыртқы шекарасында кіріп-шығуды бақылау үшін Павлодар облысы жағынан қойылған.

Сонымен қатар "Ауыл", "Уба", "Бақты", "Майқапшағай" сында өткізу пунктерінде (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары – біреуден) санитарлық бекет қойылған.

Одан бөлек, кейбір адамдарды қоспағанда, азаматтардың облыс аумағына кіріп-шығуына тыйым салынған.

Санитарлық бекеттерде адамдардың дене қызуы тексеріліп, сауалнама жүргізіледі.

Ауру белгілері бар адамдар анықталса, жедел жәрдем шақырылады.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында карантин мен шектеу шаралары ұзартылғаны хабарланған еді.

Өңірдің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышановтың қаулысына сәйкес, алып кету және жеткізіп беру режимінде жұмыс істейтін нысандардан басқа, қоғамдық тамақтану объектілеріне демалыс күндері мен мереке күндері жұмыс істеуге рұқсат жоқ.

Аталмыш мекемелер дүйсенбі-жұма күндері санитариялық-дезинфекциялық режимді, 2 метр әлеуметтік қашықтық сақтай отырып сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін қызмет көрсете алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895447-sygys-kazakstan-oblysynda-blok-bektter-zmysyn-bastady/

pixel