RU

Мәскеуде той үстінде күйеу жігіт пен оның ағасын өлтіріп кетті

Той1
Көрнекі фото: piqsels.com

Мәскеуде той үстінде күйеу жігіт пен оның ағасын өлтіріп кетті. Бұл туралы құқыққорғау органдарына сілтеме жасаған ТАСС агенттігі хабарлайды.

Тойдағы екі қылмысқа қатысты іс қозғалды. Оқиға жаңа Мәскеуде, қала сыртындағы клубтардың бірінде болған. Жас жұбайлар тіркеуден өткен соң сонда кеткен.

Отырыста меймандардың бірі екі азаматты да тапаншамен атып жіберген. Екеуі де оқиға орнында қайтыс болып, күдікті ізін суытыпты.

Агенттік дереккөздерінің ақпарынша, қазір "Ұстау" операциясы енгізілген. Айта кетейік, қылмыстық іс кісі өлімі және заңсыз қару айналымы бойынша тіркелді.

Айта кетейік, Петропавлда ауыр неврологиялық ауытқудан зардап шеккен ер адам үйінен шығып кетіп, қатып қалған. Оның денесі жоғалғаннан бір күн өткен соң табылды.

Өңір полициясы мәйіттің табылғаны туралы ақпаратты растап отыр.

"Петропавлда 1947 жылы туған ер адамның денесі табылды. Бүгін таңертең "102" пультінде қала тұрғындары Комаров көшесіндегі үйлердің бірінен оның денесі табылғанын хабарлады.

Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Басылым мәліметінше, ер адам жоғалып кеткен түні қаладағы ауа температурасы минус 21-25 градусқа дейін жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895466-mskeude-toj-stinde-kjeu-zigit-pen-ony-agasyn-ltirip-ketti/