Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кепілдегі көлікті арзанға ұсынды: Алматыда алаяқтық жасаған әйел ұсталды

Опубликовано:

Алаяқтық бойынша күдікті
Фото: Polisia.kz

Оңтүстік астанада алаяқтық жасады деген күдікке ілінген әйел ұсталды. Азаматша кепілдегі автокөлікті өзге адамдарға арзан бағаға ұсынған деп жазады ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Белгілі болғандай, А.есімді азаматша жалға алынған автокөлікті жүргізіп, дәл сол маркалы автокөлікті екінші деңгейлі банктен нарықтық бағадан төмен бағада сатып алуға уәде берген.

"Ұсталған – 1980 жылы туған А. есімді азаматша “Тойота Камри 55” көлігін жалға алып, өзінің таныстарын банктерде дәл осындай кепілдегі көлікті бес миллион теңгеге сатып алуға көмектесетін “байланыстары” бар деп сендірді. Ал бұл машинаның нарықтық бағасы жеті миллион теңгеден жоғары. Бағадағы айырмашылық аңғал азаматтарды қызықтырды және олар 3,5-4 миллион теңге алдын-ала төлемді кепілдіксіз берді. Айтпақшы, бұрын алаяқтық әрекеттері үшін сотталған қаскөйдің ауызша берген уәделерін орындау ойында да болған жоқ. Алған ақшасын өзінің жеке қажеттіліктеріне жұмсаған" , – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алмалы аудандық полиция басқармасының басшысы аталған адамның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарға бірден полицияға жүгінулерін сұрады. Ол үшін 8708-707-92-02; 8-705-771-13-71; 8-705-555-77-63 нөмірлеріне қоңырау шалу керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895484-kepildegi-klikti-arzanga-syndy-almatyda-jel-alaaktyk-zasady-degen-kdikpen-staldy/

pixel