RU

Қазақстанда жүргізуші куәлігінен неліктен толықтай бас тартуға болмайды

жүргізуші авто 2
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары ведомствода өткен брифингте көлікті басқаруда құжаттарды өзіңмен бірге алып жүруден неліктен толықтай бас тартуға болмайтынын айтты.

Серік Түсіпов бұл мәселе парламенттің жақында қабылдаған заң жобасына қатысты екенін айтты. Заң жүргізушілерді өздерімен бірге Қазақстанда тіркелген көлік құралының тиісті құжаттары мен жүргізуші куәлігін өзімен бірге алып жүру қажеттілігінен босатуды көздейді. Жүргізуші жеке куәлігін полицияға көрсетсе жеткілікті.

"Неліктен бұл құжаттардан толықтай бас тарта алмаймыз? Біріншіден, бізде жол қозғалысы туралы Вена конвенциясы бар, онда халықаралық қозғалыс қатысушылары көлік құралдарын осы құжаттар болған жағдайда басқаруы керек. Екіншіден, бұл құжаттар азаматтардың азаматтық-құқықтық қатынастарға кірігу үшін қажет, яғни көлік сату кезінде құжат қажет болады", – деді спикер.

Сонымен қатар, кейбір жағдайларда жүргізушілерді жүргізу тәжірибесін растау үшін, сондай-ақ біліктілігін растау үшін жұмысқа қабылдау кезінде жүргізуші куәлігі талап етілуі мүмкін.

"Сондықтан мұндай құжаттардан толығымен бас тарту мүмкін емес", – деп түйіндеді Түсіпов.

Еске салсақ, сенаттың жалпы отырысында ішкі істер вице-министрі интернет жоқ жерде жүргізушілердің құжаттары қалай тексерілетінін айтты. Алексей Калайчиди жол учаскелерінің барлығы бірдей мобильді интернетпен дұрыс қамтылмағанын мойындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895487-kazakstanda-zrgizusi-kuliginen-nelikten-tolyktaj-bas-tartuga-bolmajdy/