Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы прокуратурасы: Модульдік ауруханаға қатысты істе әзірге күдіктілер жоқ

Опубликовано:

Аурухана1
Көрнекі фото: pexels.com

Алматы прокуратурасы қаладағы модульді аурухана ісінде әзірге күдіктілер жоқ екенін айтты. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілуде деп хабарлайды Stopcov Telegram арнасы.

Алматы қаласы прокурорының орынбасары Сәкен Ермекбаев Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2020 жылдың 21 желтоқсанында жасаған қорытындысы істі тіркеуге негіз болғанын мәлімдеген.

"Қазіргі уақытта тергеу органы жоспарланған тергеу әрекеттерін жүргізуде", - дейді Ермекбаев.

Аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру" бойынша ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес іс қозғалған. Тергеу амалдары 16 қаңтарда басталған.

Еске сала кетсек, Алматыда модульді аурухана құрылысы кезінде қаржы жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған едік.

Департамент 2021 жылғы 16 қаңтарда Алматыда коронавирус инфекциясын азайту мақсатында шараларды күшейту үшін 280 төсек-орындық модульді жұқпалы аурулар ауруханасын салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Айта кетейік, желіде Алматыда Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.

Аталған фактіге қатысты Алматы қалалық әкімдігі пікір білдірді. Ведомство Сапар Нұрашевтің жұмыс орнында екенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895491-almaty-prokuraturasy-moduldik-auruhanaga-katysty-iste-zirge-kdiktiler-zok/

pixel