Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вакцина мен заң жобасына қарсы: Көкшетауда ондаған адам алаңға жиналды

Опубликовано:

Несанкционированный митинг в Кокшетау
Фото: Сауле Кусаинова/NUR.KZ

Ақмола облысының ауыл тұрғындары Көкшетау қаласының алаңында митингке жиналды. Олар вакцинациялауға және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасына қатысты наразылықтарын білдірді. Өңір әкімдігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Көкшетаудың орталық алаңына Ақмола облысының жақын маңдағы аудандарының тұрғындары жиналды. Наразылық білдіргендердің басым бөлігі Зеренді ауданынан.

Олар қойған негізгі талаптар қатарында COVID-19 вакцинациясы және тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасының кейбір тармақтарымен келіспеу бар.

Осы жағдайға қатыс пікір білдірген Ақмола облысының әкімдігі 25 қаңтарда сағат 11.00-де Көкшетаудағы Тәуелсіздік алаңына 35-40 адам жиналғанын хабардар етті.

"Көрсетілген мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бұл кездесуге облыс әкімінің орынбасары, ішкі саясат бөлімінің бастығы, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары және ішкі істер органдарының жетекші звеносы қатысты", - деп түсіндірді Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар, жиналғандардың назарына "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы" заңының нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік болатыны жеткізілген.

"Жалпы, өңірдегі қоғамдық-саяси жағдай тұрақты", - деп түйіндеді өңірдің әкімдігі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895516-vakcina-men-za-zobasyna-karsy-kksetauda-ondagan-adam-alaga-zinaldy/

pixel