COVID-19: Германияда вакцинациядан бас тартқандар жұмыстан қуылды

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: Smith Collection/Gado/Getty Images

Германияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартқандар жұмыстан шығарылды деп хабарлайды "Хабар 24".

Оқиға жергілікті қарттар үйінде болған. Мекеме директоры әйелімен бірге вакцина салдырып, өзгелерді де осыған үндеген. Алайда 7 бірдей қызметкер вакцинадан бас тартқандықтан, ұжым басшысы оларды жұмыстан шығарып жіберген.

Германияда коронавирусқа қарсы жаппай екпе салу желтоқсан айының соңында басталған болатын. Бір ай ішінде препараттың бірінші дозасын, 1 миллион 200 мыңнан аса адам алды. Екінші дозасының өзін 25 мыңдай тұрғын қабылдап үлгерген.

Еске сала кетсек, Қазақстанда 1 ақпаннан бастап жаппай вакцина егу басталады.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, халыққа екпе жұмыстары вакцинаның жеткізілу мөлшеріне қарай салынады.

Сонымен бірге Денсаулық сақтау министрі үкіметтің отырысында 2021 жылға арналған қазақстандықтарды коронавирусқа қарсы вакцинациялау жоспарын жариялады. Жоспарда ақпаннан бастап жылдың әр айында қанша адамға екпе егу жоспарланғаны нақты көрсетілген.

Айта кетсек, вакцина салдырған қазақстандықтарға еркін жүріп тұру үшін электронды төлқұжат берілетін болады. Бұл туралы министр Алексей Цой хабарлаған.

"Жүйелі есепке алу мақсатында вакцинацияның электрондық паспорты жасалды. Вакцинация туралы мәліметтер министрліктің орталықтандырылған ақпараттық жүйесінде электронды форматта сақталады", - дейді минитр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895539-covid-19-germaniada-vakcinaciadan-bas-tartkandar-zmystan-kuyldy/