Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда қалтасында 5 млн теңгеден астам ақшасы бар азамат көшеде ұйықтап қалған

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Маңғыстаулық тәртіп сақшысы көшеде ұйықтап жатқан азаматты анықтап, аталған азаматты қылмыстық қолсұғушылықтан қорғап қалды деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қаңтар күні Ақтау қаласы 5-шағын ауданының учаскелік инспекторының көмекшісі Мұрат Мақсат аумақты патрульдеу кезінде подъезд жанында ұйықтап жатқан алкогольдік масаң күйдегі ер адамды байқаған.

Аталған азамат жеке басын анықтау үшін учаскелік пунктке жеткізілген. Кейіннен анықталғандай, ер адамның қалтасында 5 миллион теңгеден астам қаражат болған.

Аталған азамат өз автокөлігін сатып, сол қуанышты атап өтемін деп осындай жағдайға тап болған.

Учаскелік полиция пунктіне азаматтың туыстары шақырылып, барлық қаражат пен жеке заттары туыстарына толық тапсырылды.

Туыстары да, аталған азаматтың өзі де полиция қызметкерлеріне барлық соманы сол күйінде сақтап, табыстағаны үшін алғыстарын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895585-magystauda-kaltasynda-5-mln-tegeden-astam-aksasy-bar-azamat-ksede-jyktap-kalgan/

pixel