Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстаулық полицейлерді видеоға түсіріп, желіде жариялап жіберді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Маңғыстау облысының тәртіп сақшылары жанармайы таусылып, жолда қалған такси жүргізушісіне көмек көрсетіп, жергілікті тұрғындардың алғысына бөленді деп хабарлады Polisia.kz.

YouTube желісіндегі "Lada.kz" арнасында "Такая полиция нам нужна" деген атаумен бейнежазба жарияланған.

Оқиға 21 қаңтарда күндізгі мезгілде Ақтау қаласы 8а шағын ауданындағы жолдардың бірінде болған.

Адам тасымалдаумен айналысып жүрген "Opel Vectra" автокөлігінің жанар-жанармайы таусылып, такси жүргізушісінің көлігі жарты жолда сөніп қалған.

Жолды патрульдеп жүрген Ақтау қаласы полиция басқармасының "Сұңқар-11" экипажы жолда тұрған автокөлікті байқап, барып мән-жай сұрауды жөн көрген. Полиция қызметкерлері Асылбек Сембек пен Нұрлан Берішбаев жағдайды анықтап, тоқтап қалған автокөлікті сүйреп, жақын маңдағы жанар-жағармай бекетіне дейін жеткізіп берген. Жүргізуші тәртіп сақшыларының бұл әрекетіне риза болып, өз алғысын білдірген.

"Көмек көрсетіп жатқан кезімізді видеоға түсіріп, интернетте жариялайды деп ойламадық. Күнделікті қызмет атқару барысында мұндай жағдай көп болатындықтан, біз үшін бұл соның біреуі ғана. Біздің өңірде қалың қар сирек жауады. Жүргізушілердің көбісі мұндай ауа райына үйренбегендіктен бе, әлде дайын болмады ма, сол күні көмекке зәру жүргізушілер көп болды. Өзге де инспекторлардың жолда қалған жүргізушілерге көмекке барғанынан хабардармын", – деп атап өтті Асылбек Сембек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895589-magystaulyk-policejlerdi-videoga-tsirip-zelide-zarialap-ziberdi/

pixel