RU

"Мәжбүрлі түрде салмайды": Асхат Садырбай вакцинацияға қатысты пікір білдірді

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жайында маңызды мәліметтермен бөлісті. Елімізде бірінші ақпаннан бастап екпе салу үрдісі басталмақ деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асхат Садырбай Instagram желісінде COVID-19 инфекциясына қарсы жаппай вакцинация туралы жазба жариялап, оқырмандарына пайдалы ақпарат ұсынды.

Белгілі журналист қалың көпшілікті аталмыш екпе ешкімге мәжбүрлі түрде салынбайтынын алға тартты. Алайда, мұндай жағдайлар орын алып жататын болса, міндетті түрде құқыққорғау органдарына хабарласу керек екенін ескертті.

"1 ақпаннан басталатын вакцинация жайлы! ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 77-бабының 18-пунктіне сәйкес вакцинация ерікті түрде жүргізіледі, яғни азаматтар екпе алуға өз еркімен келісім беруі тиіс.

Вакцина салғызатын адам немесе оның заңды өкілі екпе салғызудан бас тартуға құқылы. Бұл ретте Қазақстанда екпе алудан бас тартқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы қарастырылмаған.

Вакцина балаларға салынбайды. Екпе тек 18-60 жас аралығындағы адамдарға ғана арналған! Ешкім ешкімге мәжбүрлі түрде Covid-ке қарсы екпені салмайды. Егер мұндай жағдайдың куәсі болсаңыз құқық қорғау органдарына хабарласыңыздар

Айта кетейік, бірінші ақпаннан бастап, республика аумағында коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялауды бастау жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895629-mzbrli-trde-salmajdy-ashat-sadyrbaj-vakcinaciaga-katysty-pikir-bildirdi/