Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақша талап еткен: Атыраулық әйелді бопсалап келген шетел азаматы ұсталды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

51 жастағы Атырау тұрғынының интимді видеосын жүктеймін деп бопсалаған шетелдік әйел ұстады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Атырау қаласында тұратын 51 жастағы әйел бопсалау туралы арызданған.

Шағымданушының арызында өзге азаматшаның қорқытып 50 000 теңге талап еткені айтылған.

Өзбекстан Республикасының 32 жастағы азаматшасы ғаламтор желісіне жәбірленушінің интимдік сипаттағы бейнежазбаларын жүктеймін деп бопсалаған.

"Күдікті азаматша 19 қаңтарда Атырау қаласы С.Датов көшесіндегі банк филиалы ішінде орналасқан терминалдан талап еткен ақшасын есепшотына салдыртқан. Полиция күдіктіні сол жерде ұстады", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір аталған дерекке ҚР Қылмыстық Кодексінің 194-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, Атырау облысында мемлекеттік бағдарлама аясында тегін медициналық қызмет көрсетуге бөлінген 17 миллион теңгені жымқырып алған кәсіпкер әйелдің ұсталғанын жазған едік.

Атырау қаласы №2 сотының үкімімен аталған азаматша кінәлі деп танылған.

Әйелге 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру, медициналық мекемелер мен денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыру жазасы тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895633-aksa-talap-etken-atyraulyk-jeldi-bopsalap-kelgen-setel-azamaty-staldy/

pixel