RU

ДДСҰ: Әлі ұзақ жылдар бойы пандемиямен күресуге тура келеді

Коронавирус
Көрнекі фото: Mike Hewitt/Getty Images

ДДСҰ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райанның айтуынша, әлі ұзақ жылдар бойы адамзаттың пандемиямен күресуіне тура келеді деп жазады РИА Новости.

"COVID-19-пен күресте қол жеткізген жетістіктерге қарамастан эпидемиямен күресу оңай болмайтынын көрсететін көптеген факторлар сақталып отыр", - дейді Райан.

Райанның сөзінше, бүгінде әлем бойынша адамдар COVID-19-бен ауыруда. Барлық жерде вирустың таралуына жол бермеу мүмкін емес. Ал пандемиядан бірден құтылу үшін өндірілген вакцина саны да жеткіліксіз.

Сонымен бірге, маман аурумен күресуге бағытталған барлық шаралар мен күш-жігердің бекер еместігін айтты. Өйткені ол күн сайын коронавирустан болатын өлімнің төмендеуіне және жаңа науқастардың санын азайтуға көмектеседі.

Майкл Райан адамзат тарихында эпидемия жергілікті сипат алып, бірнеше жылдарға созылған жағдайлар болғанын атап өтті.

Оның ойынша мұнда сценарий өскелең ұрпақ үшін қауіпті болмақ. Өйткені ересектерде жылдар өте келе ауруға қарсы иммунитет қалыптасады.

Еске сала кетсек, АҚШ-тың Аллергия және жұқпалы аурулар ұлттық институтының директоры, доктор Энтони Фаучи COVID-19 дертін жұқтырып алмау үшін бірден екі маска тағуға кеңес берген еді.

"Менің айтайын дегенім, тамшылар мен вирустардың кіруіне жол бермейтін физикалық жабынның екі қабаттан құралуы. Егер сізде масканың бір қабаты болса және оның үстіне екіншісін қабаттасаңыз, онда тиімдірек болады", - деді Фаучи.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895637-dds-li-zak-zyldar-bojy-pandemiamen-kresuge-tura-keledi/