RU

Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

Тоқаев1
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен жаңарған үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды.

Отырыс онлайн өтіп жатыр. Отырыста елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланбақ.

Журналистер жиыннан жаңалықтарды "Қазмедиа орталығынан" таратады.

Айта кетейік, бұрынғы үкімет 10 қаңтарда өткен парламент сайлауынан кейін отставкаға кеткен еді. 18 қаңтарда мемлекет басшысы Қазақстан үкіметінің жаңа құрамын бекітті.

Премьер-министр мен министрлердің басым бөлігі өз орнын сақтап қалды. Екі министр ғана ауысты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Серік Шәпкенов келсе, ұлттық экономика министрлігін Әсет Ерғалиев басқарды.

Сондай-ақ, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді төртінші вице-премьер қызметін қоса атқаратын болды.

Елімізде мәжіліс сайлауы 10 қаңтарда өтті. Дауыс беру қорытындысына сәйкес, парламенттің төменгі палатасына үш партия  – Nur Otan, "Ақ жол" және Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистер партия) өтті.

"Nur Otan" партиясы – 76 мандат, "Ақ жол" демократиялық партиясы – 12 мандат, ал Қазақстанның халық партиясы 10 мандат алды.

Сондай-ақ, мәжіліс депутаттарының қатарына Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895650-tokaevty-tragalygymen-kimetti-keejtilgen-otyrysy-bastaldy/