Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰБТ толығымен электронды форматқа көшіріле ме

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі

Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электронды форматқа көшіріледі. Бұл туралы президенттің төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үкімет бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту бойынша жұмыс істейді. Оны халықаралық тәжірибе негізінде балаларды ерте дамыту жөніндегі ұлттық жоспарға енгізеді. Мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделін енгізу және қосымша білім беруді жан басына қаржыландыру арқылы 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамтуды 99 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз» - деді Асқар Мамин.

Оның атап өтуінше, 400 жаңа балабақша ашылады.

«Мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында 180 мектеп салу жоспарланған. Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электронды форматқа көшіріледі», - деді Үкімет басшысы.

Естеріңізге сала кетсек, Асқар Мамин 2021 жылы Қазақстанда неше шаршы метр тұрғын үй салынатынын да жеткізген болатын.

Оның айтуынша, үкімет құрылыс көлемін ұлғайту және тұрғын үй инфрақұрылымын жақсарту мәселелерін ерекше бақылауда ұстайды. 

Ол биыл 17 миллион шаршы метр тұрғын үйді салу жоспарланғанын жасырмады. 

"Инвестициялар көлемі 2,2 трлн теңгені құрайды", - деді үкімет басшысы.

BAQ.KZ мәліметінше, сонымен қатар премьер-министр Қазақстанда 6000 шақырым жол жөнделетінін де атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895676-lttyk-birygaj-testileu-tolygymen-elektrondy-formatka-ksirile-me/

pixel