Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамин: Биыл қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 73,3 жасқа жетеді

Опубликовано:

Зейнеткер
Көрнекі фото: pixabay.com

2021 жылы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 73,3 жасқа ұлғайтылады. Бұл туралы үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Асқар Мамин айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Отандық денсаулық сақтау жүйесін материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз етуді күшейту бойынша шаралар қабылдануда. Халыққа ерікті негізде, тегін коронавирусқа қарсы вакцинация жасау қамтамасыз етіледі. Ұлттық санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің реформасы және цифрландыруы жүргізіледі. Өңірлерде медициналық көмектің қолжетімділігі артады", - деді ол.

Маминнің айтуынша, аудандық ауруханалар мен перзентханаларда медициналық жабдықпен қамтамасыз етілу деңгейі 70 пайызға жеткізіледі. 33 фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункт ашу, 2 ғылыми орталық пен 8 көпсалалы аурухана салу жоспарланған.

"Бастапқы медициналық-санитарлық көмектің прогрессивті моделін жасау жалғасады. Жалпы қабылданған шаралар болжамды өмір сүру ұзақтығын 2021 жылы 73,3 жасқа ұлғайтуға мүмкіндік береді", - деді үкімет башысы.

Еске сала кетсек, үкіметтің кеңейтілген отырысында Асқар Мамин осы жылы бюджет саласындағы бір миллионнан астам жұмыскердің жалақысы өсетінін айтты.

Сонымен бірге Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтің кеңейтілген отырысында 2021 жылдың соңына дейінгі эпидемиологиялық ахуалға қатысты жасалған болжамды ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895684-mamin-biyl-kazakstandyktardy-mir-sru-zaktygy-733-zaska-zetedi/

pixel