RU

Тоқаев: Азаматтарды қағаз жүзінде ғана жұмысқа орналастыру белең алған

Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды қағаз жүзінде жұмыспен қамту белең алып кеткеніне алаңдады деп хабарлайды Ақорданың Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасы.

Мемлекет басшысының айтуынша, жұмыспен қамтудың жол картасын қабылданып, оған 1 триллион теңге бөлінген. Бұл қаржының 98,2 пайызы игерілді. Бағдарлама халықты еңбекпен қамтып, іскерлік белсенділікті қолдау үшін маңызды рөл атқарды, деді ол.

Қазақстан президенті ондаған және жүздеген мың жұмыс орны ашылғаны туралы ақпаратты тексергенде, зейнетақы және салық төлемдерімен сәйкес келе бермейтінін жеткізді.

Тоқаевтың сөзінше, азаматтарды қағаз жүзінде ғана жұмысқа орналастыру белең алып отыр.

"Дәл осындай 15 мың жағдай тіркелген. Жұмысқа орналасты деген адамдардың үштен бірі зейнетақы қорына қаржы аудармаған болып шықты. Мұндай жағдай Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында анықталып отыр.
Жалпы, еңбекпен қамтылғандардың 40 пайызға жуығы "көлеңкеде" қалып қойған. Мен бұған дейін осындай есептерді автоматты түрде қайта тексеру тәсілдерін енгізу туралы тапсырма бердім", - деді ол.

Президент дағдарысқа қарсы шаралардың тағы бір кемшілігі – бюджетке түсетін салықтың аздығы екенін апат өтті.

"Жұмыспен қамтудың жол картасына бөлінген 1 триллионнан небәрі 5,5 миллиард теңге салық төленген. Бұл – жарты-ақ пайыз деген сөз!" - деді Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895706-tokaev-azamattardy-kagaz-zzinde-gana-zmyska-ornalastyru-bele-algan/