Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде бір мектепке екінші рет "бомба қойған" адам іздестірілуде

Опубликовано:

Жарылғыш зат
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе қаласындағы №51 мектеп-гимназиясының электронды поштасына ғимаратқа бомба қойылғаны туралы хат тағы да түсті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін сағат 10:15-те Ақтөбедегі №51 мектеп-гимназиясының электронды поштасына "мектепке бомба қойылды" деген хабарлама түскен.

Барлық шұғыл қызмет дереу оқиға орнына жетіп, оқушыларды, мұғалімдер мен кіші қызметкерлерді қауіпсіз жерге көшірген.

"Барлығы 550-ден астам адам эвакуацияланды. Арнайы бөлімше саперлері жарылғыш құрылғыны анықтау үшін тексеру жүргізді. Жарылғыш зат табылған жоқ. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті күдіктіні анықтау және ұстау үшін жедел іс-шараны қолға алды", – деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, 18 қаңтар күні осы мектептің электронды поштасына дәл осы мәтінде хабарлама түскен болатын.

Ол кезде барлығы 600-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Арнайы бөлімше саперлері ғимараттағы жарылғыш құрылғыларды анықтау үшін тексеру жүргізген. Алайда жарылғыш құрылғы ол кезде де табылмаған еді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны туралы жазған болатынбыз. Хатты жолдаған адам әзірге анықталмады.

Айта кеткен жөн, бұған дейін Алматы облысында "мектеп жарылады" деп қоңырау шалып, бір ауылды дүрліктірген жасөспірім анықталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895781-aktbede-bir-mektepke-ekinsi-ret-bomba-kojgan-adam-izdestirilude/

pixel