Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда заңсыз салынған дәмхана сүрілді

Опубликовано:

Бұзу жұмыстары
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда қала құрылысын бақылау басқармасы Достық даңғылы, 118 "А" мекенжайы бойынша орналасқан нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізді, тексеру барысында жазғы кафенің құрылысы заңсыз жүргізілгені анықталды деп хабарлайды ведомство Facebook парақшасында.

Басқарманың мәліметінше, меншік иелері "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңның талаптарын бұзған.

Жерге тиісті құқықсыз құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген және объектінің өзі пайдалануға беру актісіз пайдаланылған.

Анықталған бұзушылықтарды ескере отырып, басқарма шаралар қабылдап, материалдарды қаланың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберген.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысына сәйкес, тәртіп бұзушыларға айыппұл салынып, заңсыз салынған құрылыс сүрілген.

"Барлық процесс басқарманың жауапты қызметкерлерінің бақылауында өтті және бұзу белгіленген мерзімде жүргізілді. Басқарма заңсыз салынған нысандарды анықтау бойынша жұмыстарды тұрақты жүргізіп жатыр", - деп хабардар етті қала құрылысын бақылау басқармасы.

Айта кетейік, бұған дейін үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Асқар Мамин 2021 жылы Қазақстанда 17 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отырғанын айтқан еді.

Үкімет басшысының сөзінше, инвестиция көлемі 2,2 трлн теңгені құрайды.

Маминнің айтуынша, үкімет құрылыс көлемін ұлғайту және тұрғын үй инфрақұрылымын жақсарту мәселелерін ерекше бақылауда ұстайды. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895785-almatyda-zasyz-salyngan-dmhana-srildi/

pixel