RU

Ақтөбеде өртеніп кеткен үйден адамның денесі табылды

Өрт
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Темір мост ауылында үй өртеніп кетті. Үй иесінің денесі табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін сағат 11:50-де Мұғалжар ауданы Темір мост ауылында тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына аудандық өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 3 адам, 1 техника жіберілген.

"Өрт 14:09-да толығымен сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы 100 шаршы метрді құрады. Оқиға орнында 1966 жылғы үй иесінің денесі табылды. Қазір өртенген үйдің бөлшектерін талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласындағы №51 мектеп-гимназиясының электронды поштасына ғимаратқа бомба қойылғаны туралы хат тағы да түсті.

Барлық шұғыл қызмет дереу оқиға орнына жетіп, оқушыларды, мұғалімдер мен кіші қызметкерлерді қауіпсіз жерге көшірген.

"Барлығы 550-ден астам адам эвакуацияланды. Арнайы бөлімше саперлері жарылғыш құрылғыны анықтау үшін тексеру жүргізді. Жарылғыш зат табылған жоқ. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті күдіктіні анықтау және ұстау үшін жедел іс-шараны қолға алды", – деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

18 қаңтар күні осы мектептің электронды поштасына дәл осы мәтінде хабарлама түскен болатын. Ол кезде барлығы 600-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Арнайы бөлімше саперлері ғимараттағы жарылғыш құрылғыларды анықтау үшін тексеру жүргізген. Алайда жарылғыш құрылғы ол кезде де табылмаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895797-aktbede-rtenip-ketken-jden-adamny-denesi-tabyldy/