Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат еліміздегі зейнетке шығу жасын 60 жасқа дейін төмендетуді ұсынды

Опубликовано:

Зейнеткер
Көрнекі сурет: pixabay.com

Палатаның пленарлық отырысында мәжіліс депутаты азаматтардың зейнетке шығу жасын қайта қарауды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Александр Милютин үкімет басшысы Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында қолданыстағы зейнетақы жүйесі түбегейлі өзгерістерді қажет ететіндігін атап өтті.

"Қазақстандықтардың дені жалақының аздығына байланысты жеткілікті зейнетақы жинағына қол жеткізе алмай отыр. Сол себепті біз бұған дейін көпке танылып үлгерген ынтымақты зейнетақы жүйесіне оралуды ұсынамыз", - деді депутат.

Сонымен қатар ол азаматтардың зейнетке шығу жасын қайта қарауды ұсынды. Депутаттың айтуынша, зейнетке шығу жасы еңбек жағдайларының күрделілігіне қарай белгіленуі керек.

"Азаматтардың жынысына қарамастан, зейнетке шығу жасын 60 жасқа дейін төмендету қажет. Жұмыссыз жастардың мәселесі өршіген бүгінгі жағдайда зейнетке шығу жасын біртіндеп ұлғайтудың мүлде мәні жоқ болып көрінеді. Ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері, сәйкесінше жылдық түзетулермен орташа жалақыға тең болуы керек", - дейді Милютин.

Еске салсақ, бұған дейін де мәжіліс депутаттары Асқар Маминге зейнет жасын төмендету туралы өтінішін жеткізген болатын.

Кейін премьер-министр елімізде зейнетке шығу жасы төмендетілмейтінін мәлімдеген еді. Ол зейнеткерлік жасты ұлғайту - қажеттілік болып табылатынын алға тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895894-deputat-elimizdegi-zejnetke-sygu-zasyn-60-zaska-dejin-tmendetudi-syndy/

pixel