RU

"Бір адам қолын күйдірген": Өскеменде 9 қабатты жаңа үйде су құбыры жарылды (видео)

пәтер кілт1
Көрнекі фото: pixabay.com

Өскеменде Момышұлы көшесінде атағы жер жарып тұрған 9 қабатты жаңа үй бар. Оның 14- үйінде күнде апат деп жазады Altaynews.kz басылымы.

Бүгін 3 подъезде ыстық су құбыры жарылып, тұрғындар жанұшыра айғайлап, көмекке шақырып жатқан видео мессенджерлерде тез тарады. Тіпті, ыстық суға күйіп қалған адамдар да бар. 

Басылым мәселенің мәнін білмекке Момышұлы 14-үйге қызмет көрсетіп жатқан "Өрлеу" ЖК иесі Айнұрға хабарласқан.

- Қазір, міне, жөндегелі жатырмыз. Құрылысты жүргізген компания қалай болса, солай салған. 70-пәтердегі тұрғын үйіне келіп, ашқанда, құбыр жарылып, ыстық су атқылады. Кісілер аман, бір адам қолын күйдіріп алыпты, - деді ПИК басшысы.

Аталған үй 2019 жылы пайдалануға берілді. Құрылысты Қазақстан ипотекалық компаниясының тапсырысымен "Күршім Құрылыс" ЖШС жүргізген. Алайда бүгінде компания банкрот деп танылып отыр. Тіпті, ПИК басшысы жемқорлардың уысына түскен үй екенін жасырмай айтты.

"Былтыр ғана кірді, мен осы үйде қызмет еткелі қанша нәрсе қостым. Күні-түні жүреміз. Күнде біреудің үйінде құбыр жарылады. Пластмассадан жасалған, жоғары температураны көтермейді. "Буу" материалдан жасалған. Жемқорлық таза. Қалталарына басып, бір-бір джип мініп кетіп қалды. Ал халық зардабын тартып отыр", - деп түйіндеді Айнұр. 

Айта кетейік, өткен жылдың қарашасында Атырау облысы Махамбет ауданы Сарайшық ауылында "Нұрлы Жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша осы ауылдағы аз қамтылған көп балалы 8 отбасыға 8 пәтерлік үйдің кілтін салтанатты түрде тапсырылған болатын. Алайда тұрғындардың қуанышы су сепкендей басылып, кілтті кері тапсыруға мәжбүр болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895912-bir-adam-kolyn-kjdirgen-skemende-9-kabatty-zaa-jde-su-kbyry-zaryldy-video/