Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавл тұрғыны 14,5 келі марихуанамен ұсталды

Опубликовано:

Есірткімен ұсталған азамат
Фото: Polisia.kz

Петропавлдық полицейлер қала маңындағы ауылдың 57 жастағы тұрғынын 14,5 кг астам марихуанамен ұсталды деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына қала маңындағы ауылдың 57 жастағы тұрғынының есірткі қылмыстарына қатыстылығы туралы жедел ақпарат келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған ақпарат расталды. Ер адам Астана және Бөкетов көшелерінің қиылысында ұсталды. Қызметтік-іздестіру иттерін пайдаланып, Volkswagen автомашинасының салонында скотчпен оралған үш полиэтилен пакет салынған қапты анықтады. Ішінде өсімдік тектес ерекше иісі бар зат болды. Сот-химиялық сараптаманың актісі алынған заттың салмағы 14 кг 540 грамм кептірілген марихуана екендігін көрсетті.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұсталған қамауға алынды, тергеу жүргізілуде.

Ер адам бұрын бірнеше рет сотты болған: есірткі құралдарының заңсыз айналымы үшін екі рет соттылығы бар. Аса ірі мөлшерде есiрткi құралдарын өткізгені үшін 2008 жылы сотталған. Бас бостандығынан айыру орнынан 2018 жылы босап шыққан.

СҚО-да 2020 жылдың 12 айында заңсыз айналымнан 462 кг астам түрлі есірткі заттары алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895913-petropavl-trgyny-145-keli-marihuanamen-staldy/

pixel