Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантин: Түркістан облысында 100 адамның басын қосып, көкпар берген (фото)

Опубликовано:

Көкпаршылар
Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Түркістан облысында полиция қызметкерлері 100-ге жуық адам қатысқан тағы бір көкпарды тоқтатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Карантиндік нормалардың бұзылуын анықтайтын профилактикалық іс-шара барысында Ордабасы ауданының полициясы кезекті ұлттық ойын өткізуді тоқтатты.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, көкпарды Жетісай өңірінің тұрғыны ұйымдастырған. Іс-шараға 100-ге жуық адам қатысты.

Тәртіп сақшылары "көкпар" ойынына қатысушыларды дереу тоқтатып, олармен карантинді бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмысын жүргізді, содан кейін олар үйлеріне жиналғандарды шығарып салды.

Осы оқиға бойынша жиналған барлық материалдар тиісті заңды шешім қабылдау үшін Жетісай облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне жіберілді, деп хабарлады ведомствода.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде полицейлердің шабандоздарды қуып жүрген видеосы пайда болған еді. Оқиға Өскеменде болған. Жағдайға қатысты Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті пікір білдірдген болатын.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары Қазығұрт ауданындағы ауылдардың бірінде бірнеше адамның атпен жүргенін байқаған. Не болып жатқанын анықтамақ болған полицейлер адамдардың соңына түскен.

Нәтижесінде жақын маңдағы ауылдардың бірінде жергілікті тұрғындардың көкпар ұйымдастырғаны, оған 50-60 шақты адамның қатысып жатқаны анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895916-karantin-trkistan-oblysynda-100-adamny-basyn-kosyp-kkpar-bergen-foto/

pixel