RU

БАҚ: Мелания Трамп тұрақтылық үшін күйеуінен ажырасудан бас тартты

Дональд Трамп және Мелания Трамп
Дональд Трамп және Мелания Трамп. Фото: Win McNamee/Getty Images

АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Мелания Трамп өмірін бір қалыпта ұстау үшін күйеуінен ажырасуға арыз бермек ниетті емес деп жазады Daily Star.

Бұған дейін БАҚ беттерінде Мелания Трамп бұрынғы АҚШ президентінен ажырасқысы келетіні туралы ақпараттар пайда болды. Сол кезде оның бұл қадамға күйеуінің президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін баратыны айтылған.

Сонымен бірге экс-бірінші ханым мен Трамптың қызы Иванканың арасындағы шиеленіске толы қарым-қатынас та талқыға түскен.

Ал бұл жолы Меланияның ойын өзгертіп, ажырасудан бас тартқанын айтылуда.

"Олар махаббат деген бөз сөзге сенбейді. Мүлдем жоқ", - дейді Трамптар отбасына жақын дереккөз.

Қоғам қайраткері, публицист Кури Хэйдің айтуынша, Мелания бала кезінде коммунитік ортада қиын өмір сүрген. Ал қазір барынан айырылғысы келмейді екен.

"Ол тұрмысқа шыққан кезде тұрақтылықты, романтикалық тұрақтылыты, қаржылық тұрақтылықты қалады. Осының бәріне қарамастан неке ғана күшінде қалды", - дейді ол.

Қазіргі уақытта Трамптар отбасы 14 жасар ұлдарымен бірге Флоридадағы Мар-А-Лагода тұрып жатыр.

Айта кетсек, Трамп әйелімен бірге Ақ үйден кетерде ежелгі дәстүрді бұзғанын жазған едік.

Сонымен бірге Мелания Трамп жаңадан сайланған президент Джо Байденнің әйелі Джиллді Ақ үйге шақырып, екеуі бірге шай ішуі керек болған. Алайда Трамптың әйелі жаңа бірінші ханымды шақырмай қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895919-bak-melania-tramp-traktylyk-sin-kjeuinen-azyrasudan-bas-tartty/