RU

Қазақстандықтар шетелде коронавирусқа қарсы екпе жасай ала ма

дәрі
Көрнекі фото: pexels.com

Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қазақстандықтар шетелде коронавирусқа қарсы екпе жасай ала ма және оның құжаты елімізде жарамды болып табыла ма деген сауалға жауап қайырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев Қазақстан азаматтарына коронавирусқа қарсы вакциналар елімізде ғана емес, сонымен қатар шетелде де cалына беретінін түсіндірді.

Азаматтарымызға әлемнің кез-келген елінде COVID-19-қа қарсы вакцина алуға болады. Олар елге келгеннен кейін салынған вакцина туралы құжаттарды тіркелген жеріндегі клиникаға ұсына алады, содан кейін олардың вакциналары қазақстандық базаға енгізіледі.

Егер вакцинаның алынғандығын растау қажеттілігі туындаса, медициналық ұйымдар (ред. - басқа елдерден келген) пациентке вакцинация туралы куәлік бере алады - бұл сертификаттар Қазақстанда вакцинация алғанын растау ретінде әрекет етеді", - деп түсіндірді Байтанаев .

Ол қазақстандықтар үшін вакцинация ерікті екенін еске салды. Ведомствоның ресми өкілінің сөзінше, елімізде міндетті вакцинация да, вакцинациядан бас тарту жауапкершілігі де енгізілмеген.

"Қазақстан Республикасында вакцинация ерікті болып табылады. "Адамдардың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 77-бабының 18-тармағына сәйкес кез-келген медициналық процедура, оның ішінде вакцинация тек вакцинацияланған адамның хабардар етілген келісімімен жүзеге асырылады. Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік жоқ, кез келген қудалау заңсыз болады", - деді Байтанаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895961-kazakstandyktar-setelde-koronaviruska-karsy-ekpe-zasaj-ala-ma/