Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Бекшин Алматының неліктен "қызыл" аймаққа кіргенін түсіндірді

Опубликовано:

Фото
Фото: NUR.KZ

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг барысында Алматының "қызыл" аймаққа кіруіне не себеп болғанын түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясы басталғалы бері Алматыда індеттің 21547 жағдайы тіркелген. Сонымен қатар, 1662 алматылықтан коронавирус пневмониясы анықталды.

Бекшиннің сөзінше, қаңтар айының 26 күнінде оңтүстік астанада 3026 коронавирус және 237 пневмония жағдайы тіркелген.

"Алматы қаласының қызыл аймаққа көшуін келесідей түсіндіреміз, кез келген жұқпалы аурудың эпидемиологиялық процесі толқын тәрізді ағымға ие (өрлеу мен құлдыраудың кезектесуі) - COVID-19 эпидемиясы да осы заңдылыққа бағынады: Алматыда COVID-19 эпидемиясы басталғаннан бастап наурыз – сәуір айларында алғашқы толқын басталды (82 және 969 жағдай), шілде айында 6 мыңнан астам жағдай тіркеліп толқынның шыңына жетті, қыркүйек айында 165 жағдайға дейін төмендеді. Қазан айынан бастап (366 жағдай) аурудың өсуі басталды (екінші толқын), қазіргі уақытта сол жалғасуда",- дейді оңтүстік астананың бас санитары.

Сонымен қатар, Бекшин 31 желтоқасаннан бастап коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсіп жатқанын жасырмады.

Бас санитардың сөзінше, Алматы қаласындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай соңғы 4 күнде күрт нашарлады, күніне 125-132 жағдай тіркеліп жатыр.

КВИ жағдайларын эпидемиологиялық тексеру барысында қоғамдық орындарда науқастардың 40%-ы, қоғамдық көлікте науқастардың 20% - ы, сондай-ақ ауырғандардың отбасылардың 28% - ы жұқтырғаны анықталды, дейді ол.

Бекшин соңғы 3 аптада отбасылық іс-шараларда (той және отбасылық іс-шаралар ж.т.б.) сондай-ақ кинотеатрлар мен театрларға барған кезде жұқтырған жағдайларда тіркелгені де атап өтті.

Коронавирус жоғары аурушаңдығы 20-39 жас аралығындағы азаматтар арасында 35% деңгейінде, 40-59 жас аралығында 27-28% деңгейінде тіркелуде, бұл сауда объектілеріне (сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, базарлар) мен қоғамдық тамақтану орындарына бару және қоғамдық көлікті пайдаланумен байланысты.

Осы орайда Бекшин Алматы қаласының департаменті әлеуметтік қашықтықты, маска-қолғап режимін сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу қажеттілігі туралы халықты ескерту бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізіп жатқанын алға тартты.

"Біз қызыл аймаққа сәйкес шектеу шараларын енгізу бойынша ҚР БМСД қаулысын міндетті түрде іске асыру шеңберінде жұмыс істейміз",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895970-koronavirus-beksin-almatyny-nelikten-kyzyl-ajmakka-kirgenin-tsindirdi/

pixel