Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы "қызыл" аймаққа кірді: Қалада жаңа шектеулер енгізілмек

Опубликовано:

Блок-бекет
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа шектеу шараларына байланысты құжаттарды дайындап жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Шектеу шараларына байланысты жұмыстар аяқталуға жақын. Ертең жаңадан енгізілетін шектеу шаралары жайлы хабарланады",- деді Бекшин.

Дегенмен, санитар дәрігер Алматы "қызыл" аймақта қалмайды деп үміттенеді.

"Қазір "қызыл" мен "сары" аймақтың шекарасында тұрмыз. Ауру жұқтыру қарқыны бәсеңдеп келеді, сондықтан бұл аймақта көп болмаймыз деп ойлаймын. Өте мұқият қараймыз. Қала да "сары" аймаққа оралар",- деді ол.

Еске салайық, Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг барысында Алматының "қызыл" аймаққа кіруіне не себеп болғанын түсіндірді.

"Алматы қаласының қызыл аймаққа көшуін келесідей түсіндіреміз, кез келген жұқпалы аурудың эпидемиологиялық процесі толқын тәрізді ағымға ие (өрлеу мен құлдыраудың кезектесуі) - COVID-19 эпидемиясы да осы заңдылыққа бағынады:

Алматыда COVID-19 эпидемиясы басталғаннан бастап наурыз – сәуір айларында алғашқы толқын басталды (82 және 969 жағдай), шілде айында 6 мыңнан астам жағдай тіркеліп толқынның шыңына жетті, қыркүйек айында 165 жағдайға дейін төмендеді.

Қазан айынан бастап (366 жағдай) аурудың өсуі басталды (екінші толқын), қазіргі уақытта сол жалғасуда",- деді оңтүстік астананың бас санитары.

Бекшин 31 желтоқасаннан бастап коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсіп жатқанын жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895978-almaty-kyzyl-ajmakka-kirdi-kalada-zaa-sekteuler-engizilmek/

pixel