Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік: Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Әлем елдерінде коронавирус әлі де жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда дүниежүзінің 221 елінде 100 миллионнан астам індет жағдайы тіркелген. Сырқаттанушылық көрсеткіші 0,5 пайызды құрайды. 2 миллион 165 мыңнан астам адам көз жұмды. Өлім-жітім көрсеткіші 2,1 пайызды құрайды. Еуропа мен Азияның кейбір елдерінде аурудың өсімі әлі де жалғасып жатыр.

Біздің елдегі көрсеткіштерге келсек, 27 қаңтар бойынша Қазақстанда 181 117 коронавирус жағдайы және ПТР-бойынша 47 575 жағдай тіркелген. Жазылып шыққандар саны ПТР+ бойынша 163 156 болса, ПТР- бойынша 35 348 жағдай.

Инфекциялық төсек-орынның қамтылуы бүгінде 31 пайызды құрайды (6 492)", - деді министрдің орынбасары.

Оның сөзінше, соңғы екі айдағы көрсеткіш бойынша елдегі эпидемиологиялық жағдай төмендеп келеді.

Қазақстан "жасыл" аймақтан "қызылға" енді. Сонымен қатар, "қызыл" аймаққа енген облыстар арасында – Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Атырау өңірлері мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары бар.

Шорановтың айтуынша, сырқаттанушылықтың күнделікті мониторингі бойынша республикада желтоқсан айына қарағанда қаңтар айындағы өсім деңгейі 10%-ға артқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895989-ministrlik-kazakstanda-epidemiologialyk-zagdaj-nasarlap-barady/

pixel