RU

67 жастағы Сапарбаевқа коронавирусқа қарсы вакцина салуға неліктен рұқсат етілді

Фото
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны салдырған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың жағдайы қалай? Орталық коммуникациялар қызметіндегі тілшілердің бұл сұрағына Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Марат Шоронов өткен аптада біз Жамбыл облысында болғанын, аймақ басшысы өзін жақсы сезінетінін жеткізлі.

Күш-қуаты мен қайраты толы екенін, өз міндеттерін орындап жатқанын көрдік, деді ол.

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары сонымен қатар өңір басшысы өзінің жасына қарамастан неліктен ерікті болып, вакцинаны салдырғанын түсіндіруді ұмытқан жоқ

"Біздің неге рұқсат бергенімізге байланысты айтар болсақ, сіздер клиникалық сынақтың демеушісі - осы вакцинаны жасаушының өзі екенін түсінуіңіз керек. Денсаулық сақтау министрлігі бұл кезеңде, яғни еріктілерді таңдау кезінде қарсы көрсетілімдерді анықтамайды: адамдар ерікті вакциналауға және зерттеуге қатыса алады", - деді Марат Шоронов.

Еске сала кетсек, осыған дейін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирусқа қарсы қазақстандық QazCovid-in вакцинасын қабылдағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896008-67-zastagy-saparbaevka-koronaviruska-karsy-vakcina-saluga-nelikten-rksat-etildi/