Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нақты күнін ешкім айта алмайды": Министрлік Қазақстанда болуы мүмкін қатаң карантин туралы

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Қазақстанда карантин қайта енгізіле ме деген сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Карантин инфекцияның берілуін азайту үшін және ең бастысы, денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктелуін болдырмау үшін енгізіледі, - деді Есмағамбетова.

Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы локдаунның қандай жағдайда қайта енгізілуі мүмкін екенін жеткізді.

"Егер медициналық мекемелердегі төсек-орынның қамтылуы 70 пайыздан асатын болса, онда бұл денсаулық сақтау жүйесіне түскен жүктеменің жоғары екенін көрсетеді. Бұндай жағдайларда карантин енгізіледі. Алайда карантиннің нақты қашан енгізілетінін ешкім нақты айта алмайды. Мұның бәрі біздің қаншалықты вакцина салдыратынымызға байланысты", - деп қосты ол.

Еске сала кетсек, кеше үкіметтің кеңейтілген отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2021 жылдың соңына дейінгі эпидемиологиялық ахуалға қатысты жасалған болжамды ұсынған болатын.

Оның сөзінше, эпидемияның шарықтау шегі наурыз айының соңында болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896011-nakty-knin-eskim-ajta-almajdy-ministrlik-kazakstanda-boluy-mmkin-kata-karantin-turaly/

pixel