RU

Коронавирустан емделіп жатқан 274 пациенттің жағдайы ауыр

ковид науқас 123
Фото: Global Look Press / Xiao Yijiu

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 28 қаңтардағы ақпарат жарияланды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

28 қаңтардағы мәлімет бойынша, 27 348 адам коронавирус инфекциясынан (15 690 КВИ+ және 11 658 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде 6 525 пациент стационарда, 20 823 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

COVID-19 шалдыққандар арасында:

• 274 адамның жағдайы ауыр;

• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 34 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Еске салсақ, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскен. Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1413 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 182 530-ға жетіп отыр.

Оған қоса, елімізде Covid-19-ға қарсы салынатын вакцина барлық қазақстандыққа тегін болады. Оған бюджеттен 50 миллард бөлінгені белгілі болды. Қазақстанда жаппай вакцинациялау ақпан айынан басталады.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берген еді.

Айтуынша, әлем елдерінде коронавирус әлі де жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда дүниежүзінің 221 елінде 100 миллионнан астам індет жағдайы тіркелген. Сырқаттанушылық көрсеткіші 0,5 пайызды құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896066-koronavirustan-emdelip-zatkan-274-pacientti-zagdajy-auyr/